Маңғыстау өңірінде қалтаға қол сұғушылар азаймай тұр
Жыл басынан бері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қалта ұрлығына қатысты 13 қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері көшелерде және қоғамдық орындарда ұрлықтың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру іс-шараларын жүргізеді, буклеттер таратады және оларды адамдар көп жиналатын орындарға іледі.
Жаңаөзен қаласының кезекші бөліміне 21 жастағы жергілікті тұрғын қалта ұрлығы туралы арызданған. Азаматша полицейлерге көшеде белгісіз біреу әмиянын сөмкесінен ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.
Аталған факті бойынша қылмыс белгілеріне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері күдіктіні анықтады. Ол полиция есебінде тұрған Атырау қаласының 29 жастағы жұмыс істемейтін тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында ұсталған адамның тағы бір ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.
Жаңаөзен тұрғыны полицияға ұрлық туралы арызданған. Белгілі болғандай, қаскүнем терезені күштеп ашып, пәтерге кіреді. Сөйтіп шкафта сақталған 16 алтын әшекейді ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын – 2 миллион теңге.
Жауап алу кезінде ол қылмысын мойындады. Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында ұрланған заттар күдіктіден тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылды. Материал сотқа жіберілді.
– Өз мүлкіңізге мұқият болыңыз! Қалта ұрлығы сияқты қылмыстың құрбаны болмас үшін, заттарды сенімді жерлерде, ішкі қалталарда немесе түймесі бар қалтада сақтаған жөн. Ешбір жағдайда құнды заттарды жеңіл қолжетімді киім қалтасына, рюкзактың қалтасына, сондай-ақ сөмкенің бүйір қалтасына салуға болмайды, – деп ескертеді полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.
Егер ұры адамнан бірдеңе ұрлағысы келетін болса және оның айналасындағы адамдардар ешкім оны байқамайтын болса, мұндай жағдайда айналасындағы адамдардың назарын аударып, құнды затты кімнің ұрлағысы келетінін көрсеткен дұрыс.
Полицейлер егер қалта ұрлық орын алып жатса, ұрыны ақыл-саналы азаматтар ұстаған болса, бірақ, өкінішке орай, жақын маңда полиция қызметкерлері болмаса, ең алдымен, ұрының алған заттарынан құтылып кетпеуін шаралар қабылдау, жәбірленушіні, куәгерлердің шеңберін анықтап, ішкі істер органдарына «102» телефоны арқылы шұғыл қоңырау шалу керектігін айтады.