Маңғыстау облысында ҚАЖ қызметкерлері әріптестерін зейнетке шығарып салды
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ның жеке құрамы әріптестерін зейнетке шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекші бөлімінің кезекші-аға инспекторы Нұрдәулет Қарабеков ішкі істер органдар қатарына 2006 жылы келді. Өз өмірінің 16 жылын қылмыстық-атқару жүйесіне арнап, түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Департамент бастығы Алтынбек Қалиев саланың дамуы жолында жемісті еңбек еткені үшін алғысын білдіріп, сый-сыяпат жасады.
Ішкі істер органдарында зейнетке құрметтеп шығарып салу арқылы оның талай жылғы еңбегіне алғыс айту, тұлғасына құрмет көрсету қызметкерлер арасында қалыптасқан дәстүр деуге болады.
– Ішкі істер органдарының, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің талай түрлі кезеңдерде қызметке деген адалдығыңызды сақтап, маңдай терін төгіп, жұмыс жасадыңыз, сондықтан еңбегіңізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ, алдағы күндерде тек бейнеттің зейнетін көріңіз, – деп ведомство басшысы А.Қалиев.
Оған қоса, бірге қызмет атқарған әріптестері де жылы лебіздерін жеткізді.
Нұрдәулет Қарабеков өзіне көрсетілген құрметке алғыс айтып, сала жұмысының алға басуына тілектес екенін білдірді.