Маңғыстау облысында ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерін құттықтады
Маңғыстау облысында ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғыс күніне орай Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері ардагерді құттықтады. Досымбек Бегалиев – Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-нің ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі болып саналатын бұл күні мекеме қызметкерлері ардагерге өз алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын табыстады.
– Біз тек қана мереке күндері ғана емес, күнделікті негіздеде асыл қазыналарымыздың хал-жағдайларын біліп тұрамыз. Дәл ардагерлер мен қарттар бізге үлкен өмірге қадам бастырып, таусылмас білім мен тәжірибе сайылады. Оны әрдайым жадымызда сақтауымыз қажет. Біз олардың көп жылдық еңбегі мен зор қызметіне алғыс айтамыз. Мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз, – деп атап өтті қызметкерлер.
Ардагер мекеме қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, батасын берді.