Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында қоғамдық тәртіпке бейжай қарамаған азаматқа алғыс хат табысталды

Маңғыстау облысында қоғамдық тәртіпке бейжай қарамаған азаматқа алғыс хат табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында жол-көлік оқиғасының алдын алуға бағытталған азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі тіркелді.

Аталған елді мекенде ақ түсті Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі көлігін ашық күйде қалдырып кеткен. Нәтижесінде көлік техникалық ақауларға байланысты өздігінен артқа қарай қозғала бастаған. Осы жағдайды дер кезінде байқаған Саламат Хаметов жедел әрекет етіп, автокөлікті тоқтату арқылы мүмкін болатын жол-көлік оқиғасының алдын алды.

Көрсеткен батылдығы мен жауапкершілігі үшін азаматты бөлім бастығы Н.Махмутов арнайы қабылдап, оған алғыс хат табыстады. Құттықтау барысында Саламат Хаметовтың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі атап өтіліп, қоғамдық тәртіпке бейжай қарамағаны үшін ризашылық білдірілді.

Осындай үлгілі іс-әрекеттер қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру