Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында бокстан турнир өтті

Маңғыстау облысында 6–8 маусым күндері "Халық арена" спорт кешенінде Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында бокстан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның мақсаты – құқық қорғау органдары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене даярлығын арттыру және есірткіге қарсы күресте ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Үш күнге созылған дода барысында әртүрлі құрылым қызметкерлері жоғары спорттық дайындықтарын, қайсар мінездерін және жеңіске деген жігерлерін көрсете білді. Турнир достық пен әділетті бәсекелестік рухында өтті.

Салтанатты ашылу және марапаттау рәсіміне арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатарында Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Майлыбаев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп болды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар барлық қатысушыға алғыс білдіріп, бұл турнир алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасып, спорт пен есірткіге қарсы күрес жолында маңызды алаңға айналатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру