Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында сотталғандарға көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Бейнеуде сотталғандарға көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнеу ауданы прокуратурасының бастамасымен аудандық пробация қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Маңғыстау облысы еңбек мобильдігі орталығының аудандық мансап орталығы және Ақтөбе қаласындағы «Іскер ханым» қоғамдық қорының бірлесуімен сотталған азаматтарға көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жиынға Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қанағат Назарханов, пробация және прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Іскер ханым» қоғамдық қорының өкілі сотталғандарға көрсетілетін психологиялық, заңгерлік және медициналық көмек түрлері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар қажет болған жағдайда азық-түлік себеті түрінде бір реттік көмек көрсету, сондай-ақ сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы көңілді демалыс өткізу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті.

Шара аясында пробация қызметкерлері сотталған азаматтармен бірге психологиялық тренингтер өткізіп, қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.

Аудандық пробация қызметі мен «Іскер ханым» қоғамдық қорының бірлескен жұмысы сотталғандардың өз мәселелерін шешуге елеулі көмек көрсетеді деген сенім білдірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру