Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында табиғатты қорғау заңнамасына қатысты 31 қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстау облысында жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасына қатысты 31 қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері полиция департаменті өсімдіктерді қорғау және браконьерлікпен күрес саласында бірқатар іс-шаралар өткізді. 9 ай ішінде Маңғыстау облысында табиғат қорғау заңнамасы бойынша 31 қылмыстық іс қозғалды.

Тіркелген қылмыстардың ішінен балық ресурстарын заңсыз алудың 4 дерегі (ҚР ҚК-нің 335-бабы); өсімдіктердің және жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысудың 26 дерегі (ҚР ҚК-нің 339-бабы) тіркелген. Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес 493 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды және олар бойынша хаттамалар жасақталды.

Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу бойынша, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша 332 хаттама, балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу бойынша, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабымен 73 хаттама, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалардың инфрақұрылым объектілерін бұзу бойынша жасыл желектерді жою және бүлдіру бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен 83 хаттама толтырылды және тағы өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан 935 келі 800 грамм бекіре тұқымдас балықтары тәркіленді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті өз кезегінде өңір тұрғындарын табиғатты қорғауға, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады, сондай-ақ браконьерлікпен айналысып заңды бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгендігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру