Маңғыстау облысында тұрғынжаймен бірлескен учаскелік пункт ашылды
Маңғыстау облысы Ұштаған ауылында тұрғынжаймен бірлескен учаскелік пункт ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысына қарасты Ұштаған ауылында тұрғын үймен бірлескен жаңадан ашылған учаскелік полиция бекетінің тұсауын ауыл ақсақалдары кесті.
Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен ПД бастығы Сағындық Аяғанов қатыстып, өңір басшысы қызметтік автокөліктің кілтін табыстады.
Жауапты учаскелік полиция инспекторы мен оның көмекшісі 1900 тұрғынның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етеді.
Жалпы бұл ауылда криминогендік ахуал айтарлықтай жақсы деңгейде, мұнда қылмыс жоқтың қасы.
Полиция бекеті балалар бөлмесімен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Сонымен қатар тәртіп сақшысы отбасымен бірге тұру үшін өмір сүруге қолайлы жағдайлар да қарастырылған.