Маңғыстау облысында "Заң мен тәртіп" фотокөрмесі өтті
Маңғыстау облысында "Заң мен тәртіп" фотокөрмесі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету мақсатында полиция қызметкерлерінің қызметін бейнелейтін фотокөрме өтті.

Іс-шараның мақсаты – азаматтарға құқық қорғау органдары қызметінің маңызын көрсету, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еңбегін насихаттау болды.

Көрмеде ішкі істер органдарының түрлі бағыттары – жедел және патрульдік қызмет, ювеналды полиция, кинология және арнайы бөлімшелердің жұмысы бейнеленген. Әрбір сурет полицейлердің жауапты да күрделі қызметінің нақты сәттерін көрсетеді.

Көрмеде барлығы 20 фотожұмыс ұсынылды. Экспозиция қоғам мен полиция арасындағы өзара сенім мен түсіністікті нығайтуға бағытталған.
