Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында "Жас сақшы" сыныбының оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында "Жас сақшы" сыныбының оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнеу ауданының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беру мектебінде "Жас сақшы" сыныбының оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады. Оларға арнайы куәліктер табысталды.

Іс-шараға Бейнеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Еркін Изкенов, аудандық білім бөлімінің басшысы Шамұрат Жаулиев, мектеп әкімшілігі, жеке құрам қызметкерлері мен оқушылардың ата-аналары қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ ішкі істер органдарына кәсіби қызығушылықты арттыру және полиция қызметіне оң көзқарас орнату. Мұндай бастамалар жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, "Заң мен тәртіп" қағидатын құрметтеуге, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру