Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында "Жастар нашақорлыққа қарсы" акциясы өткізілді

Маңғыстаулық рухтастар полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжімен бірлесіп Ақтау қаласының аумағында есірткі сатуды мақсат еткен арналардың жарнамасын жою бойынша "Жастар нашақорлыққа қарсы!" акциясын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты - есірткіге қарсы жазуларды жою, волонтерлікті дамыту, сонымен қатар салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау.

Жыл басынан бері барлығы 209 есірткіге қарсы құқық бұзушылық анықталды.

- Есірткі қылмысының алдын алу бағыты бойынша 200-ден астам профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл зұлымдықпен куресу үшін халықпен, әсіресе жастар арасында біріге отырып, ауқымды профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, - дейді Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Әмірғалиева Алтынай.

- Бүгін М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің студенттері болып, облыстық жастар рухымен полиция департаментімен бірлесіп заңсыз граффити жазуларын, есірткі сайттарын жарнамалайтын штрих-кодтарды жоюға шықтық. Бір шағынаудан ішінде 50-ден аса есірткі құралдарын сатып алу арналарының жарнамасын боядық. Осыдан кейін, қазіргі таңда есірткі бизнесі жылдам таралып жатқанына көз жеткіздік, - дейді М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің студенті Мырзабайқызы Айдина.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру