Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында жазасын өтеп шыққан азаматтарды қақпа алдында туыстары күтіп алды

Маңғыстау облысында жазасын өтеп шыққан азаматтарды қақпа алдында туыстары күтіп алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №43 мекемесінде "Қақпа алдындағы кездесу" әлеуметтік жобасы аясында жазасын өтеу мерзімі аяқталған сотталған тұлғалар бостандыққа шықты.

Іс-шара барысында бостандыққа шыққан азаматтардың бірі өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қоғам мүшелерін алкогольдік мас күйде көлік құралын басқармауға шақырды. Оның айтуынша достарымен болған басқосудан кейін мотоциклді мас күйінде басқарғаны үшін полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, нәтижесінде сот үкімімен бас бостандығынан айырылған.

Ол жазасын өтеу барысында жіберген қателігін терең түсінгенін, ең үлкен өкініші — отбасы жанында өткізе алмаған уақыт екенін атап өтті. Сонымен қатар алда өзін жұбайы мен балалары күтіп отырғанын айтып, болашақта заң талаптарын қатаң сақтауға ниетті екенін жеткізді.

Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері тарапынан түсіндіру және алдын алу бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Бостандыққа шыққан азаматтар жазасын өтеу кезеңінде көрсетілген қолдау мен адамгершілік қарым-қатынас үшін мекеме қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, "Қақпа алдындағы кездесу" әлеуметтік жобасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан тұлғалар арасында заңға бағынушылықты қалыптастыруға және қайта құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру