Маңғыстау облысындағы туристік полиция қызметі
Маңғыстау облысында туристік полиция қызмет атқарады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы – Каспий теңізінің әсем көріністері мен бай мәдени мұрасы тоғысқан, Қазақстандағы ең тартымды өңірлердің бірі. Қонақтардың өңірге жасаған сапары қызықты әрі қауіпсіз өтуі үшін Маңғыстау облысында туристік полиция қызмет атқарады.
Туристік полиция қызметкерлері – тек құқық тәртібін сақтаушылар ғана емес, сондай-ақ туристерге көмектесетін және бағыт-бағдар беретін нағыз жолсеріктер. Олар шетел тілдерін меңгерген, туристік бағыттарды жақсы біледі және кез келген жағдайда қол ұшын беруге дайын: көрікті жерлерді табудан бастап, күтпеген мәселелерді шешуге дейін.
Полицейлер туристер көп баратын орындарды патрульдейді, қоғамдық тәртіпті қадағалайды, қонақтарға қауіпсіздік бойынша кеңес береді және құжат жоғалту, көлік мәселесі немесе бағытты анықтау сияқты кез келген жағдайда көмекке келеді.
Туристік полицияның басты мақсаты – Маңғыстау облысына келген әрбір турист өздерін қауіпсіз әрі қалаулы қонақ сезінуі.