Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының аумағында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Маңғыстау облысының аумағында 1-5 ақпан аралығында республикалық «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Аталған шара шетелдіктерді тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тиісті есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету, шетелдіктердің елде болу қағидаларын бұзу деректерін анықтау, сондай – ақ заңсыз көші-қон арналарын болдырмау мақсатында жүргізілуде, – деп түсіндірді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Осы кезеңде полиция қызметкерлері қонақ үйлердің басшылығымен және қызметкерлерімен «Көші-қон туралы» Заңның талаптарын сақтау және қоныс аударған шетелдіктер туралы ақпарат беру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазір көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау мақсатында заңдастыруға жататын елдерден келген шетелдік азаматтарды бақылау күшейтілді.

Шара барысында сот шешімі бойынша елден шығарылуы тиіс Өзбекстан Республикасының 10 азаматы анықталды. Алайда ұсталған азаматтар соттың шешімін орындамай, Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай жүре берген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру