Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

️Маңғыстау облысының бас полицейі Білім күні қарсаңында алғашқы ұстазына барып қайтты

️Маңғыстау облысының бас полицейі Білім күні қарсаңында алғашқы ұстазын құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұстаз – қоғамның тамыршысы, ұлы тұлға. Абай атамыз айтқандай, “Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан”.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Маңғыстау облысының бас полицейі Сағындық Аяғанов мектеп табалдырығын алғаш аттағанда оны қарсы алып, білім нәрімен сусындатқан алғашқы сынып жетекшісі Ақбала Оразғалиевамен кездесті. Айта кетейік, ПД бастығы Ұштаған ауылы В.И.Ленин атындағы орта мектебінде білім алған.

Биыл Сағындық Аяғановтың мектептен түлеп ұшқанына 30 жыл толып отыр. Ол ұстазын келе жатқан білім күнімен құттықтап, берген тәлім-тәрбиесі үшін алғысын білдірді.

Бүгінгі күнге дейін дана әжеміз өзінің оқытқан оқушыларын ұмытпаған, әрқайсысының орны бөлек екенін тілге тиек етті.

Ұлағатты ұстаз Ақбала Оразғалиева ПД бастығы тарапынан көрсетілген құрметке ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру