Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының бас полицейі қызметтік іссапармен Бейнеу ауданына барды

Маңғыстау облысының бас полицейі қызметтік іссапармен Бейнеу ауданына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, халыққа барынша жақын болу керек екенін және олардың өтініштері қабылданып, тез арада заңды шешім қабылдану қажеттігін атап өткен еді. Осы орайда 12 қазан күні Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев Бейнеу ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан әкімі де қатысты.

Жиынға қатысқан аудан тұрғындары полиция басшысына өз көкейлеріндегі сұрақтарын жолдап, жауаптарын алды. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан айтылған көкейтесті мәселелер талқыланды.

Әсіресе тұрғындар тарапынан жиі қойылған сұрақтар – бейнебақылау камералары мен жол-көлік оқиғасына себепші болатын төрт түліктің жайы жөнінде болды. Тұрғындардың ішінде аяқталған қылмыстық істерді қайтадан бастап, тергеу амалдарын жүргізуді сұрағандарда болды. Бас полицей барлық мәселелердің шешім табуы өзінің жіті бақылауында болатындығын атап өтіп, Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығына нақты тапсырмалар берді.

Аян Дүйсембаев аудан әкіміне әр елді-мекенде мал айдайтын орындардың болу қажеттігін ұсыныс ретінде айтып, мал қожалық иелері жауапкершілікті сезініп, үй жануарларына жарық шағылыстырғыш ленталарды тағу қажеттігін жиынға қатысушы тұрғындардың қаперіне жеткізді. Сондай-ақ көпті мазалатқан бейнебақылау мәселесі бойынша да сөз қозғалды. Алдағы қараша айында ауданға бес бейнебақылау камерасы қондырылатындығы да халық назарына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру