Маңғыстау облысының бас полицейінің өңірлерге қызметтік іссапары жалғасуда
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Бейнеу ауданына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жанарбек Бақтыбаев сапар барысында Бейнеу ауданының ПБ жеке құрамымен жедел кеңес өткізіп, өңірдегі қылмыстық ахуалмен танысты, сондай-ақ проблемалық мәселелерді талқылады.
Аудандық полиция бөлімі бастығының есебін тыңдаған Департамент бастығы жеке құрамға Мемлекет басшысының, Ішкі істер министрінің полиция қызметкерлерінің алдына қойған міндеттері туралы нұсқауларын жеткізіп, заңнамаға енгізілген жаңа нормалар мен полиция қызметінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа қосымшаның тиімді тұстары туралы ақпараттармен бөлісті.
Сондай-ақ, ол учаскелік полиция инспекторларының жұмысына ерекше назар аударып, жергілікті жерлерде Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысын тексерді.
Бұдан басқа ол аудандық полиция бөлімінің бастығына жас қызметкерлердің аға буынмен тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында әрбір учаскелік пунктке ішкі істер органдарының ардагерін бекітуді және әрбір учаскелік полиция инспекторының тұрғылықты жері өз учаскелік пунктінің аумағында болуын немесе учаскелік полицейдің сол жерге жақын жерде тұруын қамтамасыз етуді тапсырды.