Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының ПД бастығы аппараттық кеңес өткізді

Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығы Сағындық Аяғанов Жаңаөзен қаласына қызметтік іссапармен барды. Ол қалалық полиция басқармасында бейнеконференция арқылы өзге де қала-аудан полиция бөліністері басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиын барысында ПД бастығы келер жылға қойылған міндеттерді нақтылап, «Заң және тәртіп» қағидасы аясында есірткі, алаяқтық, интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарды жандандыруды жүктеді.

Сонымен қатар ведомство бастығының бұйрығымен бірқатар полиция қызметкерлері жаңа лауазымға тағайындалды. Кейін жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, облыс әкімімен бірге есептік кездесуге қатысты.

Бұдан бөлек, Сағындық Аяғанов полиция қызметіне қатысты көкейтесті сауалдары бар азаматтарды қабылдап, орынбасарлары мен жауапты қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру