Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының ПД бастығы тұрғындарды қабылдады

Маңғыстау облысының ПД бастығы тұрғындарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, адамдармен тікелей диалог кідіріссіз шешуге тиіс проблемаларды ашады. Халықтың проблемаларын шешудің маңызды тетіктерінің бірі – азаматтарды қабылдау.

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауға облыстың тоғыз тұрғыны жазылды.

Өтініш білдіргендердің әрқайсысы қойылған сұраққа толық жауап алды. Маңғыстаулықтар тергеу және анықтау бағыты бойынша қылмыстық істерді тергеу барысы туралы сұрақтармен жүгінді. Сондай-ақ жол желісі, ЖКО материалдары және өзге де әкімшілік материалдар бойынша мәселелер болды. Сонымен қатар, кадрлық мәселелер саласында да өтініштер болды. Екі тұрғынның көші-қон және ІІО қызметіне қайта орналасу сұрақтары бойынша шешім қабылданғандығы белгілі болды.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан полицейлердің лайықты жұмысы үшін алғыс айтылды.

Бірқатар нақты фактілер бойынша тиісті тапсырмалар берілді және облыстың бас полицейі қызметкерлерге азаматтардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарау бойынша жұмыстарды ерекше бақылауға алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру