Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының полицейлері «Құқықтық жаппай оқыту» акциясын өткізді

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында «Құқықтық жаппай оқыту» республикалық акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысының ПД қызметкерлері өңірдің барлық білім беру мекемелерінде «Құқықтық жаппай оқыту» акциясын өткізді. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу.

Бұл іс-шараға ішкі істер органдары бөлімшелері бастықтарының тергеу жөніндегі орынбасарлары, тергеу бөлімдері мен бөлімшелерінің бастықтары, анықтау бөлімдері мен бөлімшелерінің бастықтары, тергеушілер, анықтаушылар жұмылдырылды. Ал облыстың ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Амангелді Досжанов Ақтау қаласында орналасқан Білім-инновация лицей-интернатына барып, оқушылар алдында сөз сөйледі.

– Ішкі істер министрінің тапсырмасына сай, қазір өңіріміздегі мектептерде полицейлер жасөспірімдерге есірткінің, әсіресе синтетикалық есірткінің зияны мен ауыр зардаптары туралы дәрістер оқуда. Дәріс барысында полиция қызметкерлері қылмыстық жауаптылық басталатын жас, есірткі тұтынудың денсаулыққа тигізетін зияны жайында, сондай-ақ қылмыстың құрбаны болып қалмау және өз құқықтарыңызды қорғау үшін қайда жүгіну керектігі жөнінде әңгімелер жүргізді, – деді Амангелді Досжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру