Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының полицейлері заңсыз жұмыс істеп тұрған букмекерлік кеңсені анықтады

Ақтау қаласының полицейлері заңсыз жұмыс істеп тұрған букмекерлік кеңсені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 16 ақпанда Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері букмекерлік кеңсенің заңсыз қызмет ету фактісін анықтады. Ақтау қаласының 9-шағын ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан «Inbet» букмекерлік кеңсесінен полицейлер тоғыз компьютерді тәркіледі. Жиналған материалдар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев азаматтарды кәсіпкерлік қызметті қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асыруға және ҚР заңнамасының бұзылуына жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру