Маңғыстау облысының полициясында «Шеф» авторлық кітабының тұсаукесері өтті
Маңғыстау облысының полициясында «Шеф» авторлық кітабының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарының қалыптасуына үлкен үлестерін қосқан Маңғыстау облысы ішкі істер басқармасының алғашқы бастығы милиция генерал-майоры И.Брагин мен қалалық ІІБ алғашқы бастығы милиция полковнигі Н.Қанаевтың туғанына 100 жыл толуына орай полиция департаментінде «Шеф» авторлық кітабының салтанатты түрде тұсауы кесілді.
Тәртіп сақшыларының қызметіне деген адалдығы мен ел қауіпсіздігі жолында атқарған еңбектерінен терең сыр шертетін бұл туындыны Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Алпамыс Бектұрғанов жазды.
Кітаптың ашылу салтанатында ведомство бастығы Сағындық Аяғанов алғысөз сөйледі.
Тұсаукесер рәсіміне Иван Никитович пен Нарекес Қадірұлының отбасы мүшелері қатысып, сақшылар тарапынан құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар шара барысында үздік жедел уәкілдер мен сала ардагерлері марапатталды.