Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының тұрғынынан апиын табылды

Маңғыстау облысының тұрғынынан апиын табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында 26 шілде күні Мұнайлы ауданының тұрғынын ұстады. 46 жастағы азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде ас қасықтан апиын есірткі заты табылды.

Сонымен қатар есірткіні қолдануға арналған қара түсті өнімнің бір данасы тәркіленді.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру