Маңғыстау полицейлері заңсыз ойын клубын анықтады
Маңғыстаулық полицейлер заңсыз ойын клубын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылы 25 қаңтарда сағат 23:00 шамасында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары сеніп тапсырылған аумақты аралау кезінде заңсыз ойын клубын анықтады. Мекеме өз жұмысын «Достар» бизнес орталығының ғимаратында жүзеге асырған.
Полиция қызметкерлері оқиға орнынан үш монитор, үш жүйелік блок және екі тінтуір тәркіледі.
Жинақталған материалдар Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.