Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полицейлері жылқы ұрлығын ашты

Маңғыстау облысында шаруа қожалықтарының бірінің жұмысшысы аталған қожалықтың бір жылқысын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 25 желтоқсанында сағат 15.00-де Мұнайлы ауданының тұрғыны мал ұрлығы туралы полицияға арызданған. Ер адамның айтуынша, Маңғыстау ауданындағы «Қараеспе» шаруа қожалығында орналасқан жайылымнан бір бас жылқысы жоғалып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері  күдіктіні анықтады. Ол сол шаруа қожалығының жұмысшысы болып шықты.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев атап өткендей, кінәлі адам өз әрекеттері үшін тиісті жазаға тартылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру