Маңғыстау полициясы: елді мекендерде қоқыс қалдықтарын қалдырған тұрғындарға айыппұл салынады
Маңғыстауда елді мекендерде қоқыс қалдықтарын қалдырған тұрғындарға айыппұл салынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері азаматтардың абаттандыру ережелерін тиісінше сақтауын үнемі қадағалап отырады. Полиция қызметкерлері күн сайын қаланың әртүрлі жерлерінен қоқыстарды анықтап жатады. Бұл әкімшілік учаскені полиция инспекторы аралау кезінде, рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде, сондай-ақ «102» пультіне және әлеуметтік желілер арқылы құқық бұзушылықтар туралы тұрғындардың хабарламалары арқылы жүзеге асады.
Учаскелік полиция инспекторларының халықпен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты жақсарту және өзекті мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ қала аумағындағы жедел жағдайды бақылау үшін WhatsApp мессенджерінде барлық учаскелік инспекторлардың, сондай-ақ ПИК төрағаларының чаты жұмыс істейді. Күн сайын азаматтар өз әкімшілік учаскесінің учаскелік инспекторларына шағымдары және ұсыныстарымен жүгінеді, полиция қызметкерлерімен барлық мәселелерді жедел және бірлесіп шешеді.
Мұндай құқық бұзушылықтарға тек ұйымдар немесе мекемелер ғана емес, сонымен қатар тұрғындар да жол беріп жатады.
Полиция мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен, қоғамдық өкілдермен және экобелсенділермен бірлесіп, белгіленбеген орындарда қоқыс тастайтын жерлер мен олардың пайда болу көздерін, сондай-ақ қоқыс шығаратын ұйымдардың тізіміне енгізілмеген қоқысты заңсыз тасымалдаушыларды анықтайды. Шағын аудандардағы контейнер айналасындағы аумақ қоқыс үйінділерінің астында қалып жатады. Жөндеуден кейін құрылыс қоқыстарын немесе ескі жиһаздарды тастайтын қала тұрғындарының жауапсыздығы жағдайды ушықтырады.
– Ақтау қаласы бойынша жыл басынан бері екі мыңнан астам аумақты абаттандыру ережелерін бұзу дерегі анықталды. Полицейлер тәртіп бұзушыларды ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл екпелерін жою) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартатынын еске салады, бұл өз кезегінде ескерту жасауға немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша жауапкершілік түрі қарастырылғанын ескертеміз, – деп атап өтті өңір полициясының басшысы Жанарбек Бақтыбаев.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті азаматтарды, мекеме иелерін, жеке кәсіпкерлерді жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, көшелердің тазалығын сақтауға және жауапкершілікті есте сақтауға шақырады.