Маңғыстау полициясы жүргізушілерге визиттік карталар таратуда
Маңғыстау полициясы жүргізушілерге визиттік карталар таратуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер және жолаушылар өздерін қауіпсіз сезінулері үшін Маңғыстау облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасы қызметкерлері Маңғыстау облысына кіреберіс тұстағы елді мекенде өзге облысқа тиесілі немесе шетелдік автокөліктерді тоқтатып, облыс қонақтарына арнайы дайындалған визиттік карталарды таратып жатыр.
Визиттік картада “Маңғыстау облысына қош келдіңіздер!” мәтіні үш тілде және полициямен байланысу жолдары жазылып, көрсетілген. Жүргізуші ұзақ жолда қандай да бір көмекке мұқтаж болса, тәуліктің кез келген мезгілінде полицияға байланысу мүмкіндігі бар.
Өңірге келген әр қонақ пен турист өздерін қауіпсіз сезінулері тиіс деген ұстаныммен жүретін маңғыстаулық полицейлер ешқандай азаматты қиын жағдайда қалдырмайды.