Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полициясының басшылығы ІІО ардагерлерін демалыс орнына жіберді

Маңғыстау полициясының басшылығы ІІО ардагерлерін демалыс орнына жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Полициясына 30 жыл толуына орай және “30 игі іс” акциясы аясында Маңғыстау облысы ПД басшылығы ішкі істер органының үш ардагерін Алматы қаласындағы “Қазақстан” шипажайына демалуға жіберді.

Демалыс орнына жіберілген ардагерлердің қатарында 82 жастағы Николай Гутенёв, 74 жастағы Дүйсенбек Сарходжаев және 64 жастағы Балғабай Умирзаков бар. Олардың барлығы ІІО қызметіне еңбегі сінген, 20 жылдан артық қызмет еткен, өңір полициясының асыл қазыналары.

Департамент басшысы Аян Дүйсенбаев ардагерлерге денсаулықтарын нығайтып, жақсартып келулеріне және демалыстарының сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, ақ жол тіледі.

Ілтипатқа ие болған қарттарымыз полиция басшысының мұндай көрегендік танытуына шексіз алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру