Маңғыстау полициясының басшысы тұрғындарды онлайн-режимде қабылдады
Қабылдауға 6 адам өтініш білдірді.
Тұрғындар мәселесі бойынша ведомство басшысы Жанарбек Бақтыбаев өз орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ол атап өткендей, бүгінгі өтініштерді шешу барысын жеке өзі бақылайтын болады.
– Бір жағынан, біз ел басшылығының құқық қорғау органдарының халық үшін ашықтығы жөніндегі талаптарын іске асырамыз, екінші жағынан – өз жұмысымызбен біз халықта туындайтын проблемаларды шешуге нақты үлес қосамыз, – деп түсіндірді Ж. Бақтыбаев.
Уақытша шектеулерге қарамастан, өңірдің кез келген тұрғыны құқық қорғау органының қызметіне қатысты мәселемен облыстың бас полициясына жүгіне алады және әркім оның құзыретті шешіміне үміттене алады. «Facebook», «Instagram», «ВКонтакте, ведомстволық әлеуметтік желілері жұмыс істейді.