Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау сақшылары көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтауда

Маңғыстау облысының аумағында 2021 жылғы 15-19 ақпан аралығында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның үш күнінде тәртіп сақшылары бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, оларды жасауға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  тиісті баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Атап айтқанда, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) 80 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды;

Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы)  Қазақстан Республикасының 70 азаматы анықталды.

Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы) 24 тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Елден шығару туралы сот шешімін орындамаған 20 шетелдік азамат анықталып, олар ҚР аумағынан шығарылды.

Бір шетел азаматына қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 394-бабымен (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру)  қылмыстық іс қозғалды.

Іздеуде жүрген үш күдікті ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру