Маңғыстау тұрғындары полиция жұмысына жоғары баға берді
Маңғыстау облысында интернет-алаяқтық әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласының тұрғыны интернет-алаяқтық дерегі бойынша жедел әрі нәтижелі шаралар қабылдағаны үшін Маңғыстау облысы полиция департаменті тергеу басқармасының киберқылмыстарды тергеу бөлімінің тергеушісі М. Игісәтовке алғыс білдірді.
Азаматтың өтініші негізінде күдіктілер анықталып, ұрланған қаражат заңды иесіне қайтарылды. Тұрғын полиция қызметкерінің жоғары кәсібилігін, жеделдігі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.
Маңғыстау облысы полиция департаменті азаматтарды интернет-алаяқтық белгілері байқалған жағдайда уақыт оздырмай полицияға жүгінуге шақырады.
Жыл қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу және қылмыстарды ашу бағытында полиция қызметкерлеріне 50-ден астам алғыс жарияланған. Бұл - тәртіп сақшыларының жедел әрі кәсіби қызметінің айқын дәлелі. Полицейлер халыққа қол ұшын созуды өздерінің ел алдындағы басты міндеті деп санайды.
