Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау тұрғындарынан 14 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

Маңғыстау тұрғындарынан 14 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қараша күні «Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жергілікті полиция қызметкерлері Ақтау қаласындағы базарлардың бірінен жалпы салмағы 14 келіге жуық болатын 9 бекіре тұқымдас балық тәркіледі. 52 жастағы азаматша мен 40 жастағы азамат жауапкершілікке тартылатын болады.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-да тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру