Маңғыстауда 115 мыңнан астам мал чиптелген
Маңғыстауда 115 мыңнан астам мал чиптелген, – деп хабарлайды Polisia.kz
Маңғыстау облысында төрт түліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлермен тұрақты негізде профилактикалық шаралар өткізілуде. Ірі қара малды чиптеудегі басты мақсат – көлік апатының санын азайту және мал ұрлығын болдырмау.
Мал шаруашылығымен айналысатын азаматтардың міндеті – малды чиптеу, оны көзден таса жерде қалдырмау, үнемі бақылауда ұстау. Қазірде өңірде 1204 шаруа қожалығы тіркелген. Бұл бағытта тәртіп сақшылары ветеринария мамандарымен бірлесіп, мал иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады.
Облыста 198 мың 326 төрт түлікке қатысты қауіпсіздік шаралары сақталған. Оның ішінде, 115 мыңнан астам мал чиптелген, ал 2914 ірі қараға арнайы лента тағылған. Сондай-ақ, 99 мыңға жуығы таңбаланған.Аталған белгілерді енгізу бірқатар мәселелердің алдын алуға септігін тигізеді. Олар малды жоғалу қаупінен және жол апаттарынан сақтайды. Бақылаусыз жайылып жүрген үй жануарларының иесін анықтауға да көмектеседі.