Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда «Әкем, анам және мен – салауатты отбасы» атты отбасылық сайыс өтті

Маңғыстауда «Әкем, анам және мен – салауатты отбасы» атты отбасылық сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясына 30 жыл толу мерекесіне орай ведомствоның «Намыс» демалыс базасында «Әкем, анам және мен – салауатты отбасы» атты қызметкерлердің жанұялары арасында спорттық жарыс өтті. Сайыстың ашылу салтанаты дәстүр бойынша Әнұранды шырқаудан бастау алды.

Cпорттық шараға барлығы тоғыз отбасы қатысып, әр түрлі сипаттағы эстафеталар бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда, шаңғымен жүріп өту және өрім, қол күресі, гір тасын көтеру болды. Сайыста жанұялық командалардың кішкентай қатысушылары да белсенділік танытты. Бұл – отбасылық ауызбіршіліктің нағыз айғағы.

Байқау қорытындысы бойынша барлық отбасылар жүлделі орындарға ие болды. Әкелер арасында өткізілген додалы тартыста қол күресі мен гір тасын көтеру сайыстарынан алғашқы орынды иеленген Рүстем Халкназаровты айрықша атап өтсек болады. Сондай-ақ, командалық жарыстан да Халкназаровтар жанұясы алға шығып, бірінші орынды қанжығаларына байлады. Екінші орын ПД АЖББ Дүйсенбаевтар отбасына бұйырса, үшінші орынды А. Нурединовтің шаңырағы иеленді.

Жарыс соңында барлық командалар жүлделі грамоталармен, топтық дипломдармен және «Динамо» спорт кешенінің сый-сияпаттарымен марапатталды.

Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Қиындығы мен ауырлығы қатар жүретін ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында мұндай сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру Маңғыстау облысы ПД-да жыл сайын өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру