Маңғыстауда бейнебақылау камераларының көмегімен 25 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Маңғыстауда бейнебақылау камераларының көмегімен 25 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Ақтау және Жаңаөзен қалалары Полиция басқармалары Жедел басқару орталығының операторлары 25 762 құқық бұзушылықты анықтады. Жедел басқару орталығының жұмысы қызметтер мен бөлімшелерді басқару мен үйлестірудің тиімділігін арттыруға, көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізуге, құқыққа қайшы әрекеттерді анықтауға және олардың алдын алуға көмектеседі.
Ұсақ бұзақылық үшін 1245 адам, спирттік ішімдіктер ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін 1825 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 18969 жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін хаттамалар толтырылды.Облыс бойынша ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 8 айда 147 қылмыс ашылды. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ бұзақылық, бұзақылық, алкогольдік масаң күйде көлік жүргізу және есірткі заттарын заңсыз сақтау сияқты қылмыстар анықталды. Оның ішінде: ҚР ҚК 200 – бабы (автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) – 7 дерек, 188-бап (Ұрлық) және 293-бап (Бұзақылық) – 20 дерек; 191-бап (Тонау)- 5 және т. б.
– Бейнебақылау камералары қылмыстың алдын алуға бағытталған, яғни азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайды. Заңға бағынатын азамат бұл бейнекамералардан қорықпауы тиіс, керісінше қоғамға зиянын тигізетін құқық бұзушыларды анықтау үшін бұл таптырмас құрал, – деп атап өтті ПД бастығы Ж.Бақтыбаев.