Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда бір тәулікте құжатсыз көлік басқарған 19 жүргізуші анықталды

Маңғыстауда бір тәулікте құжатсыз көлік басқарған 19 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Облыс көлемінде республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдарда қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын қадағалау барысында тәртіп сақшыларымен барлығы 386 ЖҚЕ бұзу дерегі тіркелді. Оның ішінде, ішкілікті күйде көлік басқарған бір жүргізуші, құжатсыз көлік басқарған 19 жүргізуші жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 30 жаяу жүргіншіге жолды белгіленбеген жерден өткені үшін айыппұл салынды.

Көліктің техникалық акауы бар 16 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша хаттама жасақталса, 7 жүргізуші техникалық байқаудан өтпегені үшін осы баптың 9-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

– Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар! Жол қозғалысы ережелерін бұзу айыппұл арқалатқаннан бөлек, қайғылы оқиғаларға себеп те болуы мүмкін. Сондықтан ұсақ құқық бұзушылықтардың өзіне немқұрайлылық танытпай, заң талаптарын орындауларыңызды сұраймыз, – деді Маңғыстау полицейлері

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру