Маңғыстауда ер адам бөтеннің атына жасырын несие рәсімдеген
Маңғыстауда ер адам бөтеннің атына жасырын несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың қараша айында белгісіз біреу «Lending and Financy technologies» микроқаржы ұйымынан бөгде адамның атына 170 мың теңге сомасында кредит ресімдеген. 32 жастағы жәбірленуші полицияға арыз берген.
2021 жылдың 16 қыркүйегінде Мұнайлы ауданының криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген 24 жастағы күдікті Шымкент қаласынан ұсталды. Ол сол қаланың тумасы екендігі белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Несиелік алаяқтар пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлауға мүмкіндік беретін әртүрлі схемаларды ойлап табады және оларды өздерінің пайдакүнемдік мақсаттары үшін пайдаланады. Мысалы, олар сіздің атыңыздан несие ала алады.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті қаржы ұйымдарының қызметкерлері ұсынатын бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеуге, оларға өздерінің дербес деректерін ашпауға шақырады.