Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда есірткіге қарсы Сall-орталық ашу мәселесі талқыланды

Маңғыстау облысы полиция департаментінде ведомство бастығы Сағындық Аяғановтың төрағалығымен Ақтау қаласында есірткі қылмысына қарсы күрес жүргізетін анонимді Сall-орталық ашу мәселесі төңірегінде жиын өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараға ПД бастығының орынбасары И.Жұмағұлов, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшылығы мен жеке құрамы, облыс әкімі аппаратының басшысының орынбасары М.Сұлтанов, білім беру, денсаулық сақтау, спорт басқармаларының және жастар саясаты мен ішкі саясат, облыстық психикалық денсаулық орталығы басшылары қатысты.

Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген «Хақ-Назар» қорының төрағасы Н.Жакуповтың қатысуымен өткен жиын барысында болашақта ашылатын орталықтың азаматтарға көрсететін қызметі мен беретін көмегі талқыланды.

Жиналыс соңында қатысушылар тақырып аясында өзара пікір алмасып, жобаны іске асыру үшін жоспар жасақтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру