Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда іздеуде жүрген есептегі сотталған ұсталды

Маңғыстауда іздеуде жүрген есептегі сотталған ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14-23 наурыз күндері аралығында өткізіліп жатқан «Пробация» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметкерлері есептегі 400-ден астам адамды мекенжайы бойынша тексерілді.

Шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және бас бостандығынан айырусыз жазамен сотталған адамдар тарапынан қайталама қылмыстарға жол бермеу.

Бұл шараға облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі мен криминалдық полиция өкілдері де қатысуда. Біріккен шара барысында тұрғылықты жері, жұмыс және оқу орны бойынша шартты сотталғандарды тексеруді, сондай-ақ қайталама қылмыстарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелесулерді жүргізуде.

Рейдтік шара кезінде қылмыс жасап, іздеуде жүрген пробация есебінде тұрған П. есімді адам анықталып, ұсталды. Ұсталған адам қазіргі таңда Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, мекенжайларды тексеру барысында 50 сотталған үйлерінде болмағаны белгілі болды, оның ішінде алтауы тәртіпті қайта бұзған. Сотталғандардан түсініктеме алынып, бірінші рет тәртіпті сақтамағандарға ескерту берілді. 6 материал процессуалдық шешім шығару үшін сотқа жолданды. Оларға қатысты жаза өтеу тәртібі ауыстырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру