Маңғыстауда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды
Маңғыстауда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
19 тамызда сағат 23.30 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөлімі қызметкерлерімен Басқұдық ауылында есірткілік масаң күйдегі жүргізушінің басқаруындағы Lexus RX 300 автокөлігі тоқтатылды, бұл медициналық куәландырумен расталды.
Құжаттарды тексеру кезінде ол 2021 жылдың сәуір айынан бастап Жаңаөзен қалалық сотымен көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.