Маңғыстауда көлікті масаң күйде басқарған 21 жүргізуші анықталды
Маңғыстауда көлікті масаң күйде басқарған 21 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы аумағында 4-6 ақпан аралығында “Мас жүргізуші – қылмыскер” атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты – көлік құралын мас күйінде жүргізетін жүргізушілерді анықтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу.
Үш күнде жол қозғалысы ережесін бұзған 1069 жүргізуші анықталды. Оның ішінде көлікті ішкілікті күйде басқарған 21 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Алкогольді тұтынғаннан кейін автокөлікті басқару қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін. Осы ретте Маңғыстау облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларынан ережелерді қатаң сақтауды, өзінің және өзге жанның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуді сұрайды.
– Іс-шара әр демалыс күндері өткізілетін болады. Басты мақсат бұзушылық санын анықтау емес, керісінше жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп атап өтті облыстың бас полицейі Жанарбек Бақтыбаев.