Маңғыстауда көші-қон заңнамасын бұзғандардан 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді
Маңғыстауда жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғандардан 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Көші-қон полициясы қызметінің негізгі бағыты – шетелдіктердің елдегі жүріп-тұруын бақылауда ұстау және олардың заң бұзушылықтарға жол бермеуін қадағалау.
Осы жылдың сегіз айлық көрсеткіші бойынша көші-қон саласының қызметкерлерімен ел аумағында болу заңнамасы және басқа да әкімшілік құқық бұзған бес мыңнан астам шетелдік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшыларымен әкімшілік жауапқа тартылған шетелдіктерден 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.
Сондай-ақ, 407 шетелдік ел аумағынан тысқары шығарылды. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген іздестірудегі 95 азаматтың 78-і анықталды. Бұдан бөлек, тіркеуде тұрған 115 борышкердің 93-і жауапқа тартылды.