Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда "Мигрант" іс-шарасы барысында іздеуде жүрген екі азамат ұсталды

"Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екі күдікті азаматты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында Өзбекстан Республикасында іздеуде жүрген 48 жастағы азамат анықталды. Ер адам Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлігі (Валюталық құндылықтарды заңсыз сатып алу немесе сату) бойынша іздестірілуде.
Аталған факт бойынша қажетті құжаттар жиналды.

Сондай-ақ шара кезінде ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша іздеу жарияланған 42 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру