Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда ойын құрылғысын ұрлаған азамат қолға түсті

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында моншадан ойын құрылғысын ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 27 қаңтарында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне моншадан ойын құрылғысының ұрланғаны туралы арыз түсті. Келтірілген материалдық шығын 150.000 теңгені құрады.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қаскүнемнің жеке үйдің аумағына заңсыз кіргенін анықтады.

Алайда ұры алысқа ұзай алмады. Ол аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру