Маңғыстауда ПД басшылығы ерлікпен қаза болған полицейлерге құрмет көрсетті
Маңғыстауда ПД басшылығы ерлікпен қаза болған полицейлерге құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күніне орай Маңғыстау облысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларына арналған мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараны Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары І.Жұмағұлов пен ішкі істер органдарының ардагерлері ашты. Олар әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл қойды.
Қайтыс болғандар қатарында – Марат Бұхарбаев, Абай Қошақбаев, Асис Исанов, Қалдыбай Батырханов, Мейржан Төребай, Дүйсенбай Бисекенов, Қайрат Бекенов және Әділет Тұрсынбеков бар. Олардың есімдері әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Ардагерлер мен департамент басшылығы гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан қызметкерлерге құрмет білдірді.
Үнсіздік сәтінен кейін гарнизондық саптық жиын өтті. Сапқа тұрған полиция қызметкерлері антқа адалдығын және борышқа беріктігін көрсетті. Полиция полковнигі жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, алғыс айтты.