Маңғыстауда полицейлер адасқан қызға көмектесіп, оның жақындарының алғысына бөленді
Маңғыстауда тәртіп сақшылары жол бойында үй киімімен жүрген қызды байқап, оған туыстарын табуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 наурыз күні көшелерді патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары Әбілқайыр Серіков пен Қамбар Мұсоев кешке жол жиегінде үй киімімен жүрген қызды байқаған. Олар қыздың жанына тоқтап, қандай көмек қажет екендігін сұрастырды.
– Бойжеткен қатты күйзеліс салдарынан қобалжып, мекенжайын да, жақындарының телефон нөмірлерін де айта алмады, – дейді Әбілқайыр Серіков.
Қызметкерлер онымен бірге жақын маңда орналасқан Батыр ауылына барып, тұрғындардан сұрастыру арқылы оның қайда тұратындығын анықтаған. Кейіннен туыстарының қызды бірнеше сағат бойы өз бетінше іздегендері белгілі болды, бірақ олардың әрекеттері сәтсіз болған.
Қыздың туыстары полицейлерге алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.