Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полицейлер Малайзиядан келген туристерге жоғалған телефондарын табуға көмектесті

Маңғыстауда полицейлер Малайзиядан келген туристерге жоғалған телефондарын табуға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қазанда Жетібай–Шетпе тас жолында патрульдік полиция ротасының инспекторлары, полиция қызметкерлері Нұржан Мағзамов пен Мейрамбек Тезекбаев патрульдеу барысында көлікпен келе жатқан әйелдердің өтінішін қабылдады.

Малайзиядан Бозжыра табиғи көрінісін тамашалауға келген шетелдік турист әйелдер жол бойында санитарлық орында аялдаған кезде телефондары жоғалғанын айтып, шамамен қай жерде қалғанын білетіндіктерін жеткізіп, полициядан көмек сұрады.

Полицейлер жедел әрекет етіп, көрсетілген орынға барып, туристерге жоғалған телефонды табуға көмектесті.

Құқық қорғау қызметкерлерінің кәсібилігі мен назар аударуының арқасында шетел азаматшаларының жеке заттары қайтарылып, туристер көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді.

Полиция азаматтар мен аймақ қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көмек көрсету – құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі екендігін айтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру