Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полицейлерді марапаттау салтанаты өткізілді

Маңғыстауда полицейлерді марапаттау салтанаты өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қазақстан полициясы күні қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев ішкі істер органдарының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне ведомстволық наградалар мен ерекшелік белгілерін табыс етті. Салтанатты рәсім департамент ғимаратында өтті.

23 маусымда Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай және өз міндеттерін адал атқарғаны үшін ҚР ІІМ Министрінің бұйрығымен әр саладағы қызметкерлер Құрмет грамотасымен, Грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Аймақ полициясының басшысы марапатталғандарды өмірлеріндегі айтулы оқиғамен құттықтап, бұл жоғары баға олар үшін жаңа сәттіліктер мен жетістіктерге түрткі болатынына сенім білдірді.

– Әрбір бөлімшенің өз ерекшелігі бар, бірақ біз бірге ортақ іс жасаймыз – қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз, азаматтарымыздың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаймыз, – деп Жанарбек Бақтыбаев жеке құрамға адал қызметі үшін алғысын білдірді

Жыл басынан бері әр түрлі іс-шараларды өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстар атқарылды. Жедел жағдайдың жай-күйін бақылау қамтамасыз етілді. Ведомство басшысы қылмысқа қарсы күресте іс-қимыл бағытын сақтауды, қызметтің беделі мен полицияға деген сенімді арттыру үшін қажеттінің бәрін жасауды талап етті.

Ерекше алғыс сөздер ІІО ардагерлеріне айтылды, олар бай тәжірибелерімен, білімдерімен бөліседі, жеке құрамды тәрбиелеуге белсенді қатысады. Маңғыстау облысының бас полицейінің айтуынша, мұндай сабақтастық кадрлық әлеуетті нығайтудың маңызды шарты болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру