Маңғыстауда “Қауіпсіз жол” ЖПІШ аясында 450 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді
Маңғыстауда “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 450 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz
19 шілде 18 тамыз аралығында Маңғыстау облысында республикалық “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталмыш ЖПІШ аясында Маңғыстау облысы ПД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің қызметкерлері өңірлік жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, рейдтік жұмыстар атқаруда. Аталмыш шара барысында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерден 450 мың теңге айыппұл өндірілді.
Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін бірқатар автокөліктер айыптұраққа қамалды. Маңғыстау облысы ПД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің полицейлері жүргізушілерге жол тәртібін сақтау және айыппұлды уақытылы өндіру қажеттілігі туралы ескертеді.