Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды

Маңғыстауда қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Бұл шараға жаңадан айдауылмен келген сотталғандар тартылды. Олар мекеменің аумағын қоқыстан тазалап, белсене қатысты.

Мекеме басшысы Д.Әбдірахманның айтуынша, мекеме аумағының тазалығын сақтау – оның жұмыс істеуінің міндетті шарты.

Айта кету керек, түзеу мекемелері қызметкерлерінің сотталғандармен өзара қарым-қатынасы сотталғандарды түзеу және қайта тәрбиелеу мақсаттарымен айқындалады және заңдылықты қатаң сақтауға негізделеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру